«Қазақтелекомның» мобильді кеңсесі ашылды

344

Шымкентте ақпараттық коммуникация қызметтерін көрсететін жаңа кеңсе ашылды. Енді қала тұрғындары «Гиперхаус» сауда үйінде орналасқан мобильді кеңседен телефония қызметіне қажетті ақпараттарын ала алады. Тәжірибе дұрыс нәтиже берсе, мұндай орындар басқа да бөлімшелерде ашылмақ.

"Қазақтелекомның" мобильді кеңсесі ашылды

Бұл – Қазақстан бойынша ең алғашқы мобильді бекет. Енді тұрғындар ақпаратты-коммуникация қызметінің кез келген сервисіне қосылу үшін кезекке тұрып, арнайы кеңсені іздеп әуре болмайды. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «Гиперхаус» сауда орталығынан ашылған кеңсесінде, телефон байланысына тез арада қосылуға барлық жағдай жасалған.

"Қазақтелекомның" мобильді кеңсесі ашылды

Мобилді жүйе барлық қажетті қызметті атқарады. Мәселен, «Қазақтелеком»,» ID TV», «ID NET» ,»KARAOKE» сервистерін тестілеуге компания мамандарымен кеңесе отырып, толық ақпарат ала аласыз. Сонымен қатар телефония, интернет және интерактивті телевидение қызметтеріне қосылу үшін өтініш беруге болады.

Осылайша «Қазақтелеком» компаниясының ұсынған заманауи қызметі арқылы уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдей аласыз. Ендеше, есте сақтаңыз, мобильді кеңсе Шымкенттегі Рысқұлов даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысындағы «Гиперхаус» сауда орталығында орналасқан.

Гүлжан Байназарова