//
28 қаңтар күні Шымкентте бірқатар көшелер жабылады Жаңалықтар 

28 қаңтар күні Шымкентте бірқатар көшелер жабылады

Құрметті Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары! 29 қаңтар – 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсияда алдында Шымкент қаласында алау эстафетасы басталып, оны алып жүру рәсімі Әл Фараби алаңынан басталып Наурыз алаңына дейін жалғасады.

28 қаңтар күні Шымкентте бірқатар көшелер жабылады

Осыған орай 28 қаңтар күні қалада бірқатар көшелер жабылады. Сағат 10:00 – 12:00 аралығында жабылатын көшелер:

Бауыржан Момышұлы даңғылы, Әл Фараби алаңынан Тәуке хан даңғылының қиылысына дейін;

Тәуке хан даңғылы, Бауыржан Момышұлы даңғылынан Ахмет Байтұрсынов көшесіне дейін;

Ахмет Байтұрсынов көшесі, Тәуке хан даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін;

Желтоқсан көшесі, Ахмет Байтұрсынов көшесінен Дінмұхамед Қонаев даңғылына дейін.

Сағат 14:00 – 16:00 аралығында жабылатын көшелер:

Дінмұхамед Қонаев даңғылы, Бәйдібек би көшесі Наурыз алаңына дейін дейін.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz