Абай ауданының әкімі есеп берді

385

Ынтымақ-1 елдімекеніндегі 3 мыңға жуық, Ақниет шағынауданындағы 700-ден астам үйді электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Қазір тұрғындарды жаңа электр жүйесіне қосу жұмыстары басталған.

Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ахмет Татыбаевтың халық алдындағы есептік жиынында айтылды. Өткен жылда атқарылған шаруаларды тыңдап, күрмеулі мәселелерді жергілікті билік өкілдеріне жеткізгісі келген халықтың қарасы көп. Тұрғындар түйткілді коммуналды проблемаларды алға тартып, Татыбаев мырзаның назарын аударды.

Тұрғындардың пікірінше, ауданда әлі де ауызсу мәселесі оңтайлы шешілмеген. Жол азабын да тартқан елдімекен халқы мұқтаждықтарын жеткізді. Көпшілік мектеп мәселесіне қатысты өтініштерін де іркіп қалмады. Аудан әкімі алдағы уақытта бұл түйткілдердің түйінін тарқатуға уәде берді.