You are here
Аккумулятор ұрлағандар ұсталды Оқыс оқиға 

Аккумулятор ұрлағандар ұсталды

Шымкентте автокөлік аккумуляторларын ұрлаумен айналысқандар ұсталды. Поилцейлерге осы ұрылардың әрекетінен жәбір көрген бірнеше автокөлік иесі арызданған. Олар жеңіл және жүк көліктерінің аккумуляторларын белгісіз азаматтар ұрлап кеткенін айтады.

Аккумулятор ұрлағандар ұсталды

Жедел іздестіру нәтижесінде екі күдікті қолға түсті. Олар 21 жастағы Шымкент қаласының тұрғындары. Тергеу кезінде күдіктілердің 8 аккумулятор ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Жымысқылардың әрекетінен жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 200 мың теңгеден асады. Олар ұрлаған бөлшектерін арзан бағаға сатып жіберіп отырған екен.

Қазіргі таңда осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Айта кетейік, автокөлік аккумуляторы — әжептеуір ақша тұратын бөлшек. Әсіресе, жүк көліктерінің қуат көздері қымбат тұрады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz