You are here
Ауылдасын кетпенмен өлтірген жігіттің үкімі өзгермеді Жаңалықтар 

Ауылдасын кетпенмен өлтірген жігіттің үкімі өзгермеді

Шымкентте Бижігіт Тұрғыновтың апелляциялық өтініші қаралды. Ол бұған дейін көршісін кетпенмен ұрып өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айрылған еді. 35 жастағы сотталушы жазасын жеңілдетуді сұрап, шағым жасаған. Осы іс бойынша бүгін апелляциялық сот алқасының отырысы өтті.

Сот отырысы Бижігіт Тұрғыновтың қатысуынсыз өтті. Өйткені прокурор сотталушыға қатаң жаза қолдануды сұрамаған. Ал айыпталушының туыстары мен қорғаушысы 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын жұмсартуды өтінеді. Апелляциялық сот алқасы жазасын өтеушіге қатысты барлық жағдайды ескере отырып, өз шешімін шығарды. Оған сәйкес, сотталушыға кесілген алғашқы үкім өзгермейді.

Ауылдасын кетпенмен өлтірген жігіттің үкімі өзгермеді

Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындаған. Жазадан қашып құтылмайтынын білген ол сотта марқұмның отбасынан кешірім сұрап, өзіне қатысты үкімді де сабырмен тыңдады. Ол 12 жылға темір торға қамалып отыр.

Сотталушы көршісімен бірге мал алып-сатумен айналысқан. Осыған қатысты екі кәсіпкердің арасында жанжал туындап, төбелеседі. Соңынан Бижігіт Тұрғынов өзінің 58 жастағы серіктесінің басынан кетпенмен ұрып, өлтіріп қойған. Сотталушының соңында бес бала, ал марқұмның артында балаларымен қоса немерелері қалды.

Гүлжан Байназарова

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz