Ауыз судың түсі өзгеруі — құбыр ауыстырғаннан

Ауыз судың сапасы өзгерді. Тап осылай дабыл қаққан Шымкенттегі Түркістан көшесі тұрғындарының айтуынша, бірнеше ондаған жыл бойы қолданылып келген құбырлар жаңартылған. Көпшілік жаңа құбырдан аққан судың түсі өзгергеніне алаңдаушылық танытты.

Құбыр ауыстырылып, ауыз судың түсі өзгерді

Негізі, бұл көшедегі ауызсу құбырлары кеңес кезінен жаңартылмаған. Тұрғындарға сапалы су беруді көздеген «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесі көлемі 40 мм құбырдың орнына 50 мм жаңа құбыр төсеген. Құрылыс жұмысы аяқталысымен құбырдан аққан судың түсі өзгерді дейді көпшілік.

Сала мамандарының айтуынша, су түсінің өзгеруі — уақытша құбылыс. Құбыр іші шайылысымен ауызсудың сапасы да, түсі де қалпына келеді. Бүгін таңертеңнен осы көше бойында су саласының 5 бригадасы жұмыс атқарыпты.

«Су ресурсы-Маркетингі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы уақытша келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім сұрады. Ал тұрғындар ақау шұғыл жойылса болды дейді.

Нұрлан Жаңабай

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР