Ескі көліктерді қабылдау 16 қаңтардан қайта басталады

502
Ескі көліктерді қабылдау 16 қаңтардан қайта басталады

Қазақстанда ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы 16 қаңтардан қайта басталады. Әзірге бағдарлама жаңа жылдан бастап уақытша тоқтап тұр. Бүгінде оператор РОП компаниясының барлық ауласында ескі техника толып тұр.

Ескі көліктерді қабылдау 16 қаңтардан қайта басталады

Бүгінде оператор РОП компаниясының барлық ауласы ескі техникамен толып қалған. Мораторийдің бір себебі де – осы. Өйткені, бұл бағдарлама ескі көлігінен құтылғысы келіп жүргендер үшін жақсы жаңалық болды. Себебі, жүрмейтін әрі оталмайтын көлікті ешкім сатып алмайтыны белгілі. Осы арада пысықтық танытып, ауылдағы ағайынның ескі-құсқысын көтере салып алып, топырлатып өткізіп жатқандар да бар дейді куәлер.

Мамандардың да айтуынша, 2016 жылдың көлік иелері бір емес, бірнеше көліктен өткізген. Клиенттердің көбісі дәл жаңа жыл алдында келген. Енді сол кезде жиналып қалған көліктерді тазартып алған соң, ескі-құсқыны қабылдау қайта басталады деп уәде берді.

Айта кету керек, бағдарламадағы биылғы жаңалық – электронды кезек пайда болады. Бұл әдіс көлігін өткізуге келгендер жиналып, ұзын-сонар кезекке тұрмасы үшін жасалып отыр.