//
Кентаудағы тозығы жеткен бассейн жаңаланады Спорт 

Кентаудағы тозығы жеткен бассейн жөнделеді

Кентау қаласындағы әбден тозығы жеткен жүзу бассейні жаңаланатын болды. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 230 млн теңге бөлініп отыр. Қазір осы мақсаттағы дайындық басталып кетті. Айта кету керек, Кеңес Одағы кезеңінде кентаулық жүзушілер көш бастап, түрлі халықаралық жарыстарда жүлделі орындардан көріне білген еді.

Кентаудағы тозығы жеткен бассейн жаңаланады

Тоқырау заманындағы қаржы тапшылығы спорт кешендерінің құлдырауына әкеліп соқты. Дегенмен, Кеңес одағы кезінде тәрбиеленушілерімен мақтана алған ұжым тарап кеткен жоқ. Қолынан келген амалын жасады. Алайда уақыт өте келе күтім болмағандықтан бассейн жарамсыз күйге түсті. Ал оны жаңалау тек тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында мүмкін болды.

Осыдан төрт жыл бұрын бастаған құрылыс барысында балалар мен жасөспірімдердің ойын және су спорты мектебінің басты ғимарат жөнделді. Енді ақпан айынан бастап бассейннің өзі, трибунасы мен биіктен секіру алаңдары жөндеуден өтеді.

Ариф Аюпов, Кентау қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің ойын және су спорты мектебінің директоры: “Біздің спорт мектебіміз өткен ғасырдың 60-жылдары салынған. Естеріңізде болса, кентаулық жүзуші Игорь Загоруйко чемпион атанып, бірқатар олимпиадаларға қатысқан. Кеңес Одағы кезеңінде су спортынан біз көш бастаған едік. Бассейніміз жаңаланған бойда бұл спорт түрін дамытып жандандырамыз. Шынын айтсақ, өңірімізде, мына көрші Түркістанда керемет спорт кешендері бой көтергенде біздегі тәжрибелі жаттықтырушыларға сұраныс артты. Оларға жоғары жалақы, баспана да беруге дайын болды. Бірақ біздің мамандар нағыз патриот екендерін көрсетті. Тәрбиеленушілеріміздің жаңа биіктерден көрінуіне қолдан келген барлық жағдайды жасауға дайынбыз.”

Кентаудағы тозығы жеткен бассейн жаңаланады

Кентаулық спортшылардың алар белестері алда. Енд мемлекет қамқорлығы нәтижесінде бойына қан жүгірген салада тың жобалар жүзеге асатынына сенім мол.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz