Кентауда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

1144
Кентауда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Кентаулық жастар үшін жағымды жаңалық. Кеншілер қаласында республикада үшінші облыста жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Жаңаланған бұрынғы кинотеатр ғимаратында енді жастар мамандық таңдау, кәсіпкерлікті жүргізу, жұмысқа орналасу сияқты өзекті мәселелер бойынша кеңес алып қана қоймай, мемлекеттік бағдарламалар бойынша еңбек етеді.

Кентауда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Ең бастысы, бос уақыттарын да тиімді өткізуге мүмкіндік алып отыр. Орталықта ағылшын тілін үйрену, шахмат және тоғыз құмалақ үйірмелері бар. Қатысу – тегін. Ал жастардың өмірге бейімделуіне, күрделіліктерді жеңуге орталықтағы психологтар көмектеседі.

Қанат Бекметов, жастарға қызмет көрсету орталығының директоры: «Кентау қаласында ашылған жастарға қызмет көрсету орталығы республикада үшінші орталық. Алғашқылары Талдықорған мен Павлодарда. Оңтүстік өңірінде іске қосылған орталықта жастарға барлық жағдай жасалған. Мұндағы кеңесшілер жастардың жұмысқа орналасуына бағыт бағдар береді. Мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып қана қоймай, кәсібін ашуға да қолдау көрсетеді. Қызмет түрлері тегін.»

Тағы бір айта кететін жәйт, мұнда әрбір оқу орны іс-шаралар өткізуге мүмкіндік алды.  Ол үшін ақы төлемейді. Замануи құрылғылармен жабдықталған конференс залында ауқымды семинар-тренингтер, көрмелер және сайыстар өткізуге болады. Қазір орталықтың басшылығы мектептер, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында болып, орталықтың жұмысы жайлы жастарға ақпарат беруде.