Кремль көшесіндегі үй қашан жаңартылады

Тұрғын үйіміздің тозығы жетіп тұр! Редакциямызға шағым айта келген Кремль көшесіндегі №4 үйдің тұрғындары осылай дейді. Айтуларынша, жергілікті билік өкілдері ауланы көріктендіруге келгенде құлықсыз. Онсыз да ұсқынсыз баспананың ауласы айлар бойы тазартылмайды дейді жұртшылық. Ал түсірілім тобы барған кезде жағдай өзгеріп шыға келді.

Кремль көшесіндегі үй қашан жаңартылады

Галина Лакунованың бұл үйде тұрып жатқанына 20 жылдан асты. Айтуынша, сонау 1940 жылы салынған баспана бүгінде әбден көнерген. Қабырғалары қақырап, есік-терезелері де қирап тұр. Жылдар бойы жөндеу көрмегендіктен тұрғын үй ұсқынсызданып, қазір мұнда тұрудың өзі қорқынышты дейді тұрғын.

Тұрғындардың айтуынша, ауланы көріктендіру де әзірге мұмкін болмай отыр. Үйдің алдында ойын алаңшасы жоқ. Бір ауық таза ауа жұтып демалуға да жағдай жасалмаған дейді. Кеңес дәуірінде біздің аула ең көрікті аула еді деп еске алысады жұртшылық.

Кремль көшесіндегі үй қашан жаңартылады

Ал жергілікті билік өкілдерінің сөзіне сенсек, бұл тұрғын үй жаңартылуы тиіс баспаналардың тізімінде тұр. Шенеуніктер, тіпті, ауланы көріктендіруге қажетті қаржыны да есептеп, құрылыстың сметалық құжатын да дайындап отырмыз дейді. Ал аула тазалығына келсек, сыпырушыны тұрғындар жалдауы тиіс екен. Коммуналшылар біз тек айына бір рет ауланы қоқыстан тазартып отырамыз дейді.

Айта кетейік, 2011 жылы қолға алынған мемлекеттік бағдарлама аясында Абай ауданы бойынша 35 үй жөнделіпті. Былтыр бұл аумақта 30 аула көріктендірілген. Жөндеуді қажет ететін Кремль көшесіндегі №4 үйді күрделі жөндеу биылғы жоспарда тұр. Қаражат қаралса, аула да жыл аяғына дейін көріктендіріледі деп отыр жергілікті билік өкілдері.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР