//
Мүлік пен капиталды жария ету науқаны аяқталды Жаңалықтар 

Мүлік пен капиталды жария ету науқаны аяқталды

Мүлік пен капиталды жария ету науқаны аяқталды. Бүгін заңдастыру шарасына жауапты мекеме қызметкерлері шараны қорытындылап, есеп берді. Мүмкіндікті мүлт жібермегендер енді айыппұлға тартылатын болады.

Мүлік пен капиталды жария ету науқаны аяқталды

Жылжымайтын мүлікті жариялау науқаны кезінде облыста жалпы сомасы 265 млрд теңгеден астам мүлік пен ақша жария етілген. Оның ішінде құны 108,8 млрд теңгені құрайтын 11 711 жылжымайтын нысан заңдастырылыпты. Бұдан бөлек ел аумағынан тыс жерде орналасқан 50 жылжымайтын мүлік заңдастырылып, 12 заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі және 3 бағалы қағаз бойынша құны 422,3 млн теңгені құрайтын 65 өтініш қабылданып, заңдастырылған.

Ал жария етуші ешбір тұлғаның заң қудалануына түспеуін бас прокуратура қадағалайтын болады дейді қаржы басқармасының өкілдері. Азаматтардың «әлемдік» кірістері мен мүлігіне бақылау одан әрі де жалғасатын болады. Соның нәтижесінде шетелде мүлігін жасырғандарға 250 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Егер, талап бір жылдың ішінде реттелмесе, айыппұл екі есеге артады.

Жалпы көрсеткіш бойынша біздің өңір мүлікті жария ету жағынан елімізде алғашқы бестікте. Айта кетейік 2020 жылы жалпы халыққа декларация тапсыру міндеттеледі. Кәмелет жасына толған әр азамат, Қазақстанда мүлкі бар шетелдіктерге декларация тапсыру міндеттелмек. Яғни, әркім қанша қаржысы, үйі, жері және көлігі барын көрсетуі тиіс.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz