//
Жаңалықтар 

Мектептер оқулықпен толық қамтамасыз етілді

Өңіріміздегі мектеп оқушылары оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Таяуда екінші тоқсанның басталғанына көп уақыт өтпей, облыстық білім басқармасының басшылығы осылай деп қайта мәлімдеме жасап отыр.

Сөздеріне сенсек, қыркүйек айында 2-5-ші және 7-ші сынып оқушыларына жетпеген оқулықтар жыл басынан бері толығымен түгенделіпті. Айта өтетін ақпар, бүгінде күнгейде барлығы 1021 мектеп болса, онда 611 120 шәкірт білім алады. Соның ішінде 33 112 оқушы биыл 11-сыныпты тәмамдайды.

Оңтүстіктің оқушылары оқулықпен толық қамтылды

Раушан Ергашова, облыстық білім басқарамасы басшысының орынбасары: “Жаңа бағдарламаға сәйкес қазір мектепте кітап толық бар. Яғни, толығымен қатамасыз етіліп отыр. Сондай-ақ, келесі жылы халық санының жылдан жылға өсуіне байланысты, 2-5 және 7 сынып оқушыларына жаңа кітап тағы да жеткізіледі.”

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz