You are here
Шымкентте 96 отбасыға пәтер кілті табысталды Жаңалықтар 

Мемлекеттік баспанаға құжат қабылдау басталды

Шымкентте 96 отбасыға пәтер кілті табысталдыБаспана кезегінде тұрған азаматтар назарына! Шымкентте 23-26 қаңтар аралығында “Самұрық-Қазына” қоры арқылы үй алуға құжат қабылдау басталды.

Үй кезегіндегі жандарға пәтерлер Тұран шағынауданы, 192-ші орамдағы “Адия” кешеніндегі үйден беріледі. 147 пәтерге өтінішті кезекте тұрған әр азамат электронды-санды қолтаңбасы арқылы өзі береді.

“Самұрық-Қазына” жылжымайтын мүлік қоры” АҚ бағыты бойынша баспана алу үшін азаматтар жергілікті атқарушы органдарда мына санаттар бойынша кезекте тұруы тиіс:

– Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен соғысқа қатысушыларға теңестірілгендер;

– Мүгедек баласы бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

– Жасы бойынша зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

– Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

– Оралмандар;

– Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай салдарынан үйінен айрылған адамдар;

– Көп балалы отбасылар;

– Толық емес отбасылар;

– Мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Өтінімдер халыққа қызмет көрсету орталықтарында және Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінде қабылданады. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесі, 8-а үй, 2-кабинет. Фронт-офис ғимараты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

1 пікір - "Мемлекеттік баспанаға құжат қабылдау басталды"

Маған хабар беру:
777

мен 2014 жылы турган едим кезекке мен ала аламба?бюджет қызыметкері ретінде турганмын.

wpDiscuz