Металлург стадионы қала меншігіне өтті

Шымкенттегі кеңестік дәуірдің көзі болған Металлург стадионы қайта жаңартудан өтеді. Қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалаптастыруды көздеген қала басшылығы алаңды сатып алды. Алдағы уақытта мұнда спортшылар үшін бар жағдай жасалады дейді мамандар.

Металлург стадионы қала меншігіне өтті

Бұл стадион 50 жылдан бері жөндеу көрмей, әбден тозығы жеткен. Десе де орналасқан жері мен ауасы таза алаңда таңсәріден жаттығу жасап жүрген ересектер мен жастарды көру қиынға соқпады. Әкімшілік ғимараттары құлауға шақ тұр, жүгіру алаңын шөп басқан. Соған қарамастан салауатты өмір салтын ұстанғандар үшін баға жетпес құнды орын.

Металлург стадионы қала меншігіне өтті

«Бұл стадион — қаланың інжу-маржаны десем қателеспеймін. Өзім 16 жылдан бері жеңіл атлетикамен айналысамын. Қорғасын зауыты тоқтағалы ауасы таза стадионды қоршаған жасыл желегі тамаша.»

Стадионның аумағы шамамен 3 гектар. Өткен жылдың соңында қала басшылығы осы алаңды 156 млн теңгеге бұрынғы қорғасын зауытының балансынан сатып алды. Енді мұнда үлкен өзгеріс болады дейді жауаптылар.

Сала мамандарының бұл орынды жаңартудағы жоспарлары орасан. Айтуларынша, мұнда екі спорт залы, жекпе-жекке арналған орын және жоғарғы спорт мектебінің әкімшілік ғимараты салынатын болады. Әрине, бұл — әзірге ұсыныс. Енді спортшыларымыздың арманы қалай іске асқанын алдағы уақытта көретін боламыз.

Нұрлан Жаңабай

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР