You are here
ОҚО-да мемлекеттік сатып алу басқарманың басшысы тағайындалды Жаңалықтар 

ОҚО-да мемлекеттік сатып алу басқарманың басшысы тағайындалды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметті енді Берік Дүйсенов атқарады.

ОҚО-да мемлекеттік сатып алу басқарманың басшысы тағайындалды

Берік Тастанбекұлы 1978 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры. Ол еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе қалалық прокуратурасы бөлімінің  прокуроры болып бастаған.

2004-2016 жылдары Ақтөбе қалалық прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры, «Кит Со», «Отау строй» ЖШС-нің заңгері, Түркістан қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің меңгерушісі, Түркістан, Шымкент қалаларының әкімі аппаратының басшысы, «Сәулет-Бетон» ЖШС құрылыс компаниясының кеңесшісі, бас директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz