//
Оңтүстікке Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры келді Жаңалықтар 

Оңтүстікке Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры келді

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді аттестациалау барысын түсіндіру жалғасуда. Осы мақсатта таяуда Шымкентте мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен арнайы кездесу өтті. Оған Оңтүстікке арнайы келген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры Лейла Асылбекова қатысты. Астаналық маман жергілікті қызметкерлерге тестілеудің толық жай-жапсарын түсіндіруге тырысты.

Оңтүстікке Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры келді

Жексенбі күнге қарамастан мәжіліс залы лық толы. Аттестациалау комиссиясының құрамына енгізуге ұсынылған азаматтар мен түрлі мекеме басшылары арнайы лекция мен түсіндірме жұмыстарын тыңдау үшін жиналып отыр. Барлығы да алдағы тестілеу туралы толық білгісі келеді.

Биылғы аттестация мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін міндеттерді тиімді орындау үшін оларға қажет құзыреттерді анықтауға бағытталған. Ал аттестациадан кейінгі түрлі ыңғайсыз жайттар туындамас үшін осындай арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Оңтүстікке Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры келді

Лейла Асылбекова, Қазақстан Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры: “Жалпы, аттестация барысында қызметкер өз жұмысын қаншалықты адал жасайтыны, әдеп нормалары мен стандартын қаншалықты сақтайтыны бағаланады. Басты міндет – басқаларға сыпайылық және дұрыс мінез-құлық, сондай-ақ әділеттік пен бейтараптылық таныту. Қызметші өз жұмысының нәтижесіне жеке жауапкершілікті сезіну қажет.”

Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілерді көбінесе жеке құзыреттерді бағалайтын тест жайлы ақпарат қызықтырып отыр. Осы және өзге де түйткілдерді анықтау мақсатында мемлекеттік қызмет істері агенттігің өкілдері аттестацияны өткізудің мерзімдері мен деңгейлері, кезеңдері жайлы ақпараттық жұмыстарды жалғастыруда.

Әлімхан Дүйсенғалиев

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz