You are here
Оңтүстікте үш ауысыммен оқитын бір мектептің мәселесі шешілді Жаңалықтар 

Оңтүстікте үш ауысыммен оқитын бір мектептің мәселесі шешілді

Ауыл мектебінің оқушылары енді үш ауысымда оқымайды. Депутат ағалары мәселені шешті. Түркістан ауданындағы Иқан елдімекенінде орналасқан №23 колледждің ескі ғимаратының мәселесін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында депутат Рахым Тәңірберген көтерген болатын. Кезекті сессиядан соң ауданға арнайы шақырылған жауаптылар білім ошағының 3 ауысымға өтпей, осында қалуы негізді деп шешті.

Оңтүстікте үш ауысыммен оқитын бір мектептің мәселесі шешілді

Иқан ауылындағы колледждің ескі ғимаратының мақсатты пайдаланылуын көруге облыстық білім басқармасының басшысы арнайы келді. Ауыл мектебіне оқушылар сыймай жатқанда орта арнаулы оқу орны ғимаратының бос тұрғаны тұрғындарды ашындыратын. Бұл қисынға келмейді деген депутат иқандықтардың аманатын мәслихатта көтерді.

Ауылға арнайы барған топ ғимараттағы ұстахана, сынып бөлмелерін түгел аралап шықты. Колледждегілер сабақтардың оқу бағдарламасының кестесіне сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. 30 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген ғимаратта шәкірттер тәжірибе жинақтайды екен.

Түркістан ауданының әкімдігі бұл мәселеге қанық. Аудандағылар оны өз күшімен шешуге тырысқанын айтады. Алайда ғимарат облыстық білім басқармасына қарайтындықтан, сынып бөлмелері жетіспейтін мектептің қажеттілігіне беруді де басқарма шешуі тиіс еді.

Оңтүстікте үш ауысыммен оқитын бір мектептің мәселесі шешілді

Иқан атындағы 640 орынды жалпы орта мектепте бүгінде 1500 оқушы дәріс алады. Сынып бөлмелері жетіспейтін білім ошағында балалар үш ауысымда оқуға мәжбүр еді.

Оңтүстікте үш ауысыммен оқитын бір мектептің мәселесі шешілді

Ал №23 колледждің студенттеріне жаңа ғимаратының өзі де жеткілікті. Оның құрылысына облыс бюджетінен 560 млн теңге жұмсалған. 200 орындық ғимаратта қазір 300-ден астам студент оқиды. Ауыл шаруашылығы саласының мамандарын даярлайтын оқу ордасында кәсіби бағыттағы бөлмелер жетерлік.

Осылайша жаңа үлгідегі ғимараттың мүмкіндігіне көз жеткізген білім басқармасының басшысы колледждің ескі ғимаратын мектептің қажеттілігіне беру жөнінде шешім қабылдап, барлығы келісіммен тарқасты.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz