//
Оңтүстікте мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады Жаңалықтар 

Оңтүстікте мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады

Оңтүстік Қазақстан облысында халыққа қолайлы болу үшін мобильдік халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың тапсырмасымен облыс тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығының көшпелі мобильді топтары Сарыағаш, Түркістан және Бәйдібек аудандарына шықты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстікте мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады

Аталған жұмыстар жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй жәрдемақыларын және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындауына байланысты ұйымдастырылып отыр. Енді аталған елді мекендердің тұрғындарына электрондық анықтамаларды алу үшін ХҚКО-ға келу міндетті емес.

Жәрдемақыларды ресімдейтін мобильдік ХҚКО мамандары Түркістан және Бәйдібек аудандары әкімшіліктерінің ғимараттарында, сондай-ақ Сарыағаш қаласының 20/20 әскери бөлімшесінде таңғы сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қызмет көрсететін болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғылықты жеріне уақытша тіркеуден өтуге келуші азаматтардың көптігі байқалады. Десе де, жыл сайын осы уақытта жергілікті әкімшіліктерде жәрдемақы ресімдейтін азаматтар мекенжай анықтамалары мен жылжымайтын мүлкінің жоғы жайлы анықтамаларға келетін.

Осынау қиындықтарды азайтып, тіпті жою үшін жолға шыққан мобильдік ХҚКО-лардың халық көп шоғырланған аймақтарға баруы жұмысты жүйелеу үшін ұйымдастырылуы заңды. Сондай-ақ мобильдік ХҚКО мамандары ақпараттық анықтамаларды беру үшін Алматыдағы тұрғылықты жеріне уақытша тіркелуге келген азаматтар көп, тығыз жиналған халыққа қызмет көрсету орталықтары маңына да орналастырылды. Мобильдік ХҚКО мамандары ақпараттық анықтамаларды Алатау және Түрксіб аудандарының фронт-офистерінің келушілеріне беруде.

Ақпараттық анықтамаларды келесі мекенжайлардан алуға болады:

  1. ОҚО, Сарыағаш қаласы, Тұрсынқұлов көшесі, 21, (20/20 әскери бөлімше ғимаратында)
  2. Түркістан қаласы, Татыбаев көшесі, 49 (әкімшілік ғимаратында)
  3. Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 49 (әкімшілік ғимаратында)

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz