You are here
Оңтүстікте тағы бір құс фабрикасы ашылады Жаңалықтар 

Оңтүстікте тағы бір құс фабрикасы ашылады

Оңтүстікте тағы бір құс фабрикасы ашылмақ. Табиғаты бірегей Түлкібас өңірінде бой көтеретін кәсіпорынға инвестиция құю Сауд Арабиясының кәсіпкерлеріне ұсынылған болатын. Осы мүмкіндікті пайдаланған Араб әмірліктерінің шейхы Абдулла Заид жексенбі күні облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қабылдауында болды.

Оңтүстікте тағы бір құс фабрикасы ашылады

Бұл — шейх Абдулланың Қазақстанға екінші келуі. Мәртебелі қонақ бұл жолы облыс басшылығымен бірлескен жобаның сметалық құжаттарын реттеп, өзге де ұсыныстарын қарастыруға ниетті екенін байқатты. Ал облыс басшысы құны 85 млн евроға тең фабриканы қолдаған инвесторға қандай жеңілдіктер жасалып, не талап етілетінін бірден нақтылады.

Аграрлы облыстың мүмкіндіктері мен инвестиция құюға оңтайлы тұстарын «Ол Рамез Интернейшнл Групп» холдингінің президенті тереңірек білгісі келеді. Оның үстіне, 2015 жылы Қазақстанда инвестиция туралы заң қабылданып, онда еліміздің түрлі салаларына қаржы құятын тараптарға қойылатын шарттар бекітілген. Одан хабардар шейх Абдулла құс асырау, оның етін өңдеу өндірісінен басқа да салаларға қаржы салуға ниетті екенін жасырмады.

Оңтүстікте тағы бір құс фабрикасы ашылады

Шейх Абдулла Заид: «Біз Қазақстанға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақыруымен, ұсынысымен келдік. Елдердің арасындағы қашықтық үлкен болса да, бұл елді өзімізге жақын санаймыз. Оңтүстік Қазақстанның климаты жақсы, мұнда туризмді дамытып, біздің кәсіпорындарда дайындалған тауарларды экспорттауға болатынын білдік. Алдағы уақытта тікелей әуе қатынастарын ашуды да қарастырып отырмыз.»

Алғашқы жоба бойынша жылына 30 мың тонна құс етін дайындап, өңдейтін фабрика биылғы наурызда бой көтереді. Бұл істің еліміздегі құрылтайшысы — құрылыс саласы мен әлеуметтік бағыттарды қолдауда тәжірибесі бар «Ақ Ордасы» корпорациясы» болып отыр. Кездесу соңында шейх Абдуллаға облыс басшысы Түркі әлемінің бойтұмарына айналған Ясауи кесенесі бейнеленген гобелен мен күнгейдің даму тарихы жазылған кітапты сыйлады.

Зәуре Оралбаева

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz