You are here
Оңтүстіктің мұғалімдері ҰБТ-ның жаңа форматын талқылады Жаңалықтар 

Оңтүстіктің мұғалімдері ҰБТ-ның жаңа форматын талқылады

Биыл Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеудің форматына өзгерістер енгізілгені белгілі. Алдымен Астана төрінде жаңалық болып айтылған өзгерістер енді өңірлердегі мұғалімдерге толық түсіндірілуде. Осындай топтың бірі таяуда Оңтүстікке де келді. Ұстаздардың басын қосқан жиын Шымкенттегі №87 мектепте өтті. Онда елордалық мамандар өңірдегі ұстаздарға ұлттық бірыңғай тестілеудің өзгерістерін егжей-тегжей түсіндіруде.

Оңтүстіктің мұғалімдері ҰБТ-ның жаңа форматын талқылады

Тұрақты Ынтымақов, ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары: “Қорытынды аттестация, өздеріңіз білесіздер, мектептің төңірегінде өтетін дүние. ҰБТ-дан тек ЖОО-на түсуге ниетті оқушылар өтеді.”

Оңтүстіктің мұғалімдері ҰБТ-ның жаңа форматын талқылады
Тұрақты Ынтымақов

Жалпы, жаңа форматтағы тестілеу 5 пəннен тұрады: оқу жəне математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы жəне таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пəн. Соңғысының сұрақтарында енді бір емес, бірнеше дұрыс нұсқа кездесетін болады. Биылғы тағы бір өзгеріс – тестілеудегі ең жоғарғы көрсеткіш – 140, өтімді – 50 балл. Қазіргі таңда Қазақстандағы мектептерде ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша қызу дайындық басталып кеткен.

Оңтүстіктің мұғалімдері ҰБТ-ның жаңа форматын талқылады
Ханым Изетова

Ханым Изетова, №87 орта мектеп директорының ҰБТ-ға жауапты орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі: “Адамдарға қашан да жаңалықты игеру, меңгеру қиынырақ болады. Бірақ сонда да қабылдап жатыр. Оқушыларымызды жаңа формат бойынша тестілеуден өткізіп көрдік. Былай жақсы дейді. Бірақ ҰБТ-ны тапсырғанда не болатынын бір Алла көрсетеді.”

Темірова Эльмира, 11 сынып оқушысы: “Жаңа формат бойынша біз негізінде қыркүйек айында естідік. Енді қаңтар айынан бастап дайындалып жатырмыз. Білімі бар адамға оңай сияқты.”

Мектеп бітірушілерінің қорытынды аттестациясын 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өткізу жоспарлануда. Ал ҰБТ үстіміздегі жылдың 20 маусымында басталып, 1 шілдеге дейін созылады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz