You are here
Облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді Жаңалықтар 

Облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді

Жылда өңірімізде 200-ге жуық әйел жатыр мойны ісігі дертіне шалдығады. Олардың басым бөлігі ауруын асқындырып алғандар дейді дәрігерлер. Дегенмен, мамандар қатерлі ісіктің бетін қайтаруға болатынын айтады. Ол үшін не істеу керек? Және онкологиялық диспансерде тегін тексеруден қалай өтуге болады?

Облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді

Аурудың кеш анықталуы – дерттің асқындыруына әкелетін бірден-бір жол. Ал бұл көбіне қайғылы жағдайға әкеп жатады. Дегенмен жаңадан пайда болған қатерлі ісік бірден ұлғайып кетпейтінін ескерсек, бұл аурудан айығуға болады.

Бұған қазіргі медицинаның құдіреті жетеді. Дәрігерлер мұндай жағ­дайда ауру әйелді мұқият тексеруден өткізіп барып, дертін анықтағаннан кейін емдей бастайды.Тағы бір ескеретін жәйт: скриниг-диагностикалық тексерулер – ақылы. Өйткені үкімет тегін тексеруді тек диспансерлік есепте тұратын науқастарға қарастырған.

Алдын алу жұмыстарын күшейту үшін облыстық онкологиялық диспансердің мамандары алдағы сенбі, яғни 28 қаңтар күні ашық есік күнін өткізбек. Дәл осы күні кез келген азамат медициналық мекемеге келіп, тегін консультациялық-диагностикалық тексеруден өте алады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz