//
Прокурорлар: Қылмысты қолдан жасаған полицейлердің әрекеті әшкере болды Жаңалықтар 

Прокурорлар: Қылмысты қолдан жасаған полицейлердің әрекеті әшкере болды

Прокурорлар: Қылмысты қолдан жасаған полицейлердің әрекеті әшкере болдыЗаңды бұзған заң қызметкерлері! Шымкентте Еңбекші полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары кәмелет жасына толмаған жеткіншектердің үстінен жалған арыз жазып отырған. Тәртіп сақшыларының бұл былығын прокурорлар арнайы тексеру кезінде анықтапты. Соның нәтижесінде қылмысты іс қозғалып, бес бірдей полицейді жұмыстан босатқан.

Бір жылдық тексеру кезінде прокурорлар сегіз қылмысты істі аштық дейді. Оның ішінде жалақы дауы да бар. Құзырлы орган өкілдері азаматтардың құқығын қорғап, тиісті еңбекақысының алуына көмек көрсеткен. Прокурорлар осы мақсатта қарызға белшесінен батқан “Шымкентсыра” компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғап, нәтижесінде 481 жұмысшы жалақысын алған.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz