Самал шағынауданында жаңа саябақ ашылады

593
Самал шағынауданында жаңа саябақ ашылады

Шымкентте қараусыз қалған аймақтарда жаңа саябақ салынады. Бұл – «Шатқал» бағдарламасы аясында қолға алынған жоспар. Жоба аясында бой көтеретін 5 саябақтың бірі Самал шағынауданында болады. Бұйыртса, келешекте тұрғындар тынығып, серуендейтін саялы баққа бүгін «Самал шатқалы» деген атау берілді.

Самал шағынауданында жаңа саябақ ашылады

Бұл аймаққа алдағы уақытта ағаш көшетін егуден бөлек шахмат және дойбы алаңы, веложолдар мен театрлық сахна, спорттық жаттығу алаңдары салынып, халықтың иглігіне пайдалануға беріледі.

Самал шағынауданында жаңа саябақ ашылады

 

Айта кету керек, бұл жұмыстар үшін облыстық бюджет есебінен арнайы қаржы бөлінбейді. Яғни, кәсіпкерлер немесе инвесторлар қалауы бойынша қаржы құйып, көркейте алады.

Самал шағынауданында жаңа саябақ ашылады

Айта кетейік, болашақта Шымкенттің шетіндегі қараусыз жатқан сай-саланың барлығында «Шатқал» бағдарламасы аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл жоба бойынша жалпы аумағы 100 гектар болатын бес саябақ салынып, 100 мың көшет егіледі деп күтілуде.

Самал шағынауданында жаңа саябақ ашылады