Шымкент тұрғындары қаладағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында уақытша тіркеуге тұра алады

522
Шымкент тұрғындары қаладағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында уақытша тіркеуге тұра алады

Шымкент тұрғындары қаладағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында уақытша тіркеуге тұра аладыАстана, Алматы және Шымкент тұрғындары өз қаласындағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында уақытша тіркеуге тұруына болады. Бұған дейін осы үш қаланың көші-қон полициясының қызметіне өз ауданы бойынша жүгінуі керек болса, қазір уақытша тіркелуді тұрғындар өздеріне қолайлы бөлімнен жүзеге асыра алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері бұл жаңашылдық азаматтарға уақытша тіркелу ресімін айтарлықтай жеңілдетеді деп сенеді. Еске сала кетсек, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және құжаттандыру бойынша қызметтерді азаматтарға қолайлы болуы үшін республика бойынша 240 халыққа қызмет көрсету орталығында отырған көші-қон полициясының қызметкерлері көрсетеді.

Ал Шымкентте кешегі сенбі-жексенбі күндері жағдай бірқалыпты болды. Халыққа қызмет көрсету орталығына келген жерлестеріміздің саны жеткілікті болғанымен, ұзын-сонар кезек тіркелген жоқ. Орталық қызметкерлері бұл жағдайға дайын болса керек, уақытша тіркеуді лезде жүзеге асырып жатты.