You are here
Шымкентке көмір жеткізу қиындап кетті Жаңалықтар 

Шымкентке көмір жеткізу қиындап кетті

Шымкентте жаңа жылдан бастап көмір тапшылығы қатты сезіле бастады. Қатты отынға тәуелді өндірістер мен жылыжайларда күрделіліктер орын алуда. Оның бір себебі — көмірді жеткізу мәселесінде қиындық туындаған. Жауапты мамандар вагондар жетіспейді деп отыр. Енді көмір тез арада жеткізілмесе, алғашқылардың бірі болып Кентаудағы жылу орталығындағы қазандықтардың тоқтап қалу қаупі бар. «Кентау сервис» мекемесіне жеткізілген 30 тоннадай көмірдің қоры аяқталуға жақын.

Шымкентке көмір жеткізу қиындап кетті

Цементшілер елдімекенінде орналасқан көмірмен қамтитын мекеме осыдан екі күн бұрын келіп түскен көмірді тиеуде. Қатты отын алдын ала тапсырыс берген кәсіпорындар және кезекте тұрған жеке тасымалдаушыларға жөнелтіледі. Тұрғындарға көмір тасымалдайтын Асан оның сапасына да қарамайтын болдық, бұрын ірісін алуға тырысатын едік, енді тек отын болса деген тілеумен келеміз дейді.

Мекеме қызметкерлері де көмір бағасының жаңа жылдан бастап қымбаттағанын растайды. Бүгінде бір тонна қатты отын 12 600 теңгеден босатылуда. Бұрын көмір қоры жасалса, бүгінде тапсырысты да өтеуге мүмкіндік болмауда. Ең өкініштісі, алдын ала төлем жасаған мекеме шаруашылықтардың өтінішін мерзімінде орындай алмай отырмыз дейді мамандар.

Вагондар мәселесін мекеме, әрине, шеше алмасы анық. Сондықтан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының көмегі қажет. Алайда жақында облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиында басқарма басшысы бұл күрделікті шешуде облыс әкімінің қолдауына жүгінген болатын. Мәселе тез арада шешілмесе, кентаулықтар және жеке сектордағы тұрғындар бүрсең қағып, жылыжай қожайындары шығынға батпақ.

Related posts

Пікір қалдыру

3 пікір - "Шымкентке көмір жеткізу қиындап кетті"

Маған хабар беру:
777

Көмір шахталары түгел мемлекетке қайтарылып, ұлттандырылуы (национализациялау) керек! Миттал сияқтылар мен оның Қазақстандағы сыбайластарын осы уақытқа дейін халықтың қандарын сорып келгендері үшін жауапқа тарту қажет. Ата — бабаларымыздың аманатқа қалдырған жер асты мен жер үсті байлығын қызмет бабын пайдаланып тонағандар өз істеріне жауап беруі керек! Көмірді, газды, жарықты, суды, жылуды қымбаттатпауға шамасы келмеген мемлекеттік қызметкерлерді орынтақтарынан босатып, түрмеге айдау керек! Уақыт пен замана талабы осыны меңзейді! Халықтың есебінен байып, жемқорлық пен мемлекетті кейін тартатын тамыр — таныстық жүйесін құрғандар түгел жауап береді, әлі…

Жекешелендіру экономиканы алға сүйрей ала ма?
——————————————————-
Жекелендіру науқаны, яғни мемлекетсіздендіру саясаты Қазақстан халқы мен оның мемлекетіне қарсы жасалған экономикалық диверсия болып шықты. Шетелдіктер соғыс ашып жаулап алмай ақ экономикамыз тас — талқан боп бүлінді. Қаншама колхоз- совхоздар талан — таражға ұшырады, қаншама зауыт — фабрикалар металломға айналып қытай асты. Қаншама мемлекет мүлкі тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетті. Осыған жауаптылар ұялмай әлі де мемлекет басқарып, қайыршыға ұқсап шетелдерден инвестиция сұрап, қол жайып диуана боп жүр. Әкесінің мүлкіндей шетелдіктерді шақырып, оның ішінде бұрыңғы қожайындары орыстарды шақырып: «жекелендіруге қатысыңдар?!!» — деп жалынып жүр.

Осындай бассыздықпен халық пен мемлекетке қарсы жасалған жаулық әрекеттері үшін бұлар түбі жауап береді. Тарих еш нәрсені ұмытпайды!

wpDiscuz