You are here
Шымкентте 20 жастағы тонаушы ұсталды Оқыс оқиға 

Шымкентте 20 жастағы тонаушы ұсталды

Шымкентте адам тонап жүрген күдікті ұсталды. Ол нәбәрі 20 жаста. Еңбекші полиция бөліміне 52 жастағы жергілікті тұрғын арызданып келеді.

Шымкентте 20 жастағы тонаушы ұсталды

Жәбірленуші белгісіз біреу Сайрам көшесінде өзіне тап беріп, күш қолдану арқылы бағасы шамамен 60 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алғанын айтқан. Осы факті бойынша тонауға қатысты қылмысты іс қозғалды. Жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде полицейлер 1997 жылы туған Сайрам ауданының тұрғынын қолға түсірді. Өзі жұмыссыз жігіт кінәсін толық мойындап отыр. Тергеу барысында күдіктінің 2 тонауға қатысы бары анықталған.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz