Шымкентте 9 елдің оқу орны жиналған білім көрмесі өтті

Шымкентте 9 елдің оқу орны жиналған білім көрмесі өтті

Шымкент төріндегі Риксос Хадиша қонақ үйінде халықаралық білім көрмесі өтті. Онда 9 елден жиырма оқу орнының өкілдері жиналды. Арасында Малайзия, Канада, Америка сынды озық мемлекеттердің үздік білім ордалары бар.

Шымкентте 9 елдің оқу орны жиналған білім көрмесі өтті

Шетелдіктерді Оңтүстікке жинаған – «Global Education» агенттігі. Атаулы көрме өңірімізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Онда ағылған жастардың дені – биылғы түлектер. Араларында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да бар.

Бақберген Темірзақұлы, Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы: «Мен мұнда халықаралық университеттерді және ағылшын тілінің курсын қарастырып жүрмін. Мектеп бітірісімен Еуропа елдерінің біріне оқуға түскім келеді. Таңдаған пәнім – физика. Ары қарай магистратураны да сонда тәмамдасам деген ниет бар».

Шымкентте 9 елдің оқу орны жиналған білім көрмесі өтті

Бақберген де оқу грантын жеңіп алуға ниетті. Дегенмен, түрлі оқу бағдарламаларын ұсына келген білім ордаларының барлығы дерлік грант ұсынбайды. Кейбіреулерінде оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған. Оларға қол жеткізу үшін талапкерлерге қоятын шарттары да әр түрлі.

Шымкентте 9 елдің оқу орны жиналған білім көрмесі өтті

Бірақ алдымен TOEFL немесе IELTS тестінен өту керек. Аталған сындардан сүрінбей өту үшін тыңғылықты дайындық керек. Оған қарамастан мұнда жиналған жастардың ынтасы зор. Себебі шетелдік оқу орнының дипломы болашақта қалаған жұмысқа бөгетсіз жол боларына сенімді.

«Неліктен өз еліңде емес, шетелде оқуға ұмтыласың?» деген сауалға олар осылай жауап қайырды. Ал өңірімізге келген малайзиялық оқу орнының өкілдері теңге құнсызданғалы қазақстандық студенттердің саны азайғанын айтады.