Шымкентте ерекше шұлықтар тоқыла бастады

1003
Шымкентте ерекше шұлықтар тоқыла бастады

Шымкентте ерекше шұлықтар шығарыла бастады. 3D суреті бейнеленген бұл киімдерді жергілілікті кәсіпкерлер шет елдік әріптестермен бірігіп, сауда нарығына шығармақ. Бұл ерекше тауарлардың басым бөлігі жас балаларға арналып дайындалалады.

Шымкентте ерекше шұлықтар тоқыла бастады

Шұлыққа 3Д өрнегін салу – соңғы сән үлгісі. Дизайнер Сандуғаш Жомартбекова бұл шаруа айтарлықтай уақытты алады дейді. Сәнгердің айтуынша, бұл жұмыс 4 кезеңнен тұрады. Ең бастысы, эскиздің дұрыс салынуы дейді ерекше жұмыспен айналысатын дизайнер.

Әйелдер мен балаларға арналған түрлі-түсті шұлықтарға сұраныс зор дейді мамандар. Жылына мұнда 22 млн жұп шұлық тігіледі. Бағасы да қолжетімді. 1 жұп шұлық 30 теңгеден 165 теңге аралығында сатылады. Шымкенттің шұлықтары қытай мен түрік өнімдеріне дес бермейді дейді сарапшылар. Себебі, өнімдер мақта мен лайкр сияқты экологиялық таза өнімнен тігіледі.

Шымкентте ерекше шұлықтар тоқыла бастады

Оңтүстіктің кәсіпорнынан шыққан шұлықтарға шет мемлекеттер де тапсырыс беруде. Ресей, Оңтүстік Корея елдері отандық тауарларға таңдау жасап отыр дейді кәсіпкерлер. Қазір кәсіпорын басшылары Германияның сапа сертификатын күтудеміз дейді. Одан кейін күнгейде тігілген шұлықтарды Европаға экспорттауға мүмкіндік туады. Ал тұтынушылар кәсіпорын тауарларын жергілікті сауда орындарынан таба алады.