//
Шымкентте кафе маңындағы атыстан бір адам мерт болды Жаңалықтар 

Шымкентте кісі өліміне қатысты күдікті ұсталды

Шымкентте кафе маңындағы атыстан бір адам мерт болдыШымкентте 30 жастағы жігіттің арқасынан оқ атқан күдікті ұсталды. Бұл туралы 24.kz агенттігі жазады. Күдікті 1991 жылы туған қала тұрғыны болып шыққан.

Өзгенің өліміне себепкер болған күдікті сол түні оқиға орнынан қашып кеткен еді. «Полицейлер шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 25 жастан асқан жігітті ұстап, қамауға алды» дейді Әл Фараби ауданының прокуроры Хали Маматаев.

Қазір күдіктінің қасында болған сыбайластары да іздестірілуде. Еске сала кетсек, кеше қаладағы дәмханалардың бірінен шыққан төбелестің салдарынан 30 жастағы жігіт алған жарақатынан мерт болған еді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz