Шымкентте республикада баламасы жоқ бизнес-жоба іске қосылды

320
Шымкентте республикада баламасы жоқ бизнес-жоба іске қосылды

Шымкентте республикада баламасы жоқ бизнес жоба іске қосылды. Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары базарларға шыға бастады. Енді заңгерлер мен есепшілер және өзге де мамандар жергілікті базарларда түрлі кеңестер беретін болады. Бүгінде Айна, Самал базарларынан ашылған арнайы кабинеттерге келіп, бизнеске қатысты сауалдарыңызға жауап ала аласыз.

Шымкентте республикада баламасы жоқ бизнес-жоба іске қосылды

Осылайша кәсіпкерлер палатасының заңгерлері мен есепшілері халыққа жақындай түсті. Сарапшылар Шымкенттегі Айна, Самал базарларынан арнайы кабинеттер ашты. Олар базардағы саудагерлердің кәсіпкерлікке қатысты барлық сұрақтарына жауап береді.

Мұрат Жұмабеков базарда саудамен айналысады. Саудагер жұмыс орны аумағынан ашылған кеңес орталығына жүгініп, жаңа қызметті оңтайлы пайдаланып қалмақ.

Мұндай тың жобаға елімізде алғаш рет жергілікті мамандар кірісіп отыр. Бұл қажеттілік кәсіпкерлердің есеп-қисап жасау, салық төлемдерін төлеу кезінде қиындықтарға жиі душар болуынан туындап отыр дейді мамандар.

Алайда, сауда-саттықтағы қарбалас кәсіпкерлердің бұл қызметті жіті меңгеріп алуына мойын бұрғызбайды. Енді олардың бұл жүйені тегін үйреніп алуына мүмкіндік туып отыр. Алдағы уақытта бұл қызметке салық және кеден саласының мамандары да атсалысып, қос тарап бизнес өкілдерінің құқын қорғауда күш біріктіретін болады.