Шымкентте шебер мұғалімдердің көрмесі өтті

935
Шымкентте шебер мұғалімдердің көрмесі өтті

Оңтүстіктің мұғалімдері – сегіз қырлы, бір сырлы. Осының дәлелі ретінде ұстаздар арасында шығармашылық көрме өтті. «Ата-баба мұрасын сақтаймыз!» атауымен ұйымдастырылған көрмеге өңіріміздің үздік 50 педагогының қолөнер бұйымдары қойылған.

Шымкентте шебер мұғалімдердің көрмесі өтті

Шебер педагогтардың қиялынан туындаған неше түрлі қол өнер және зергерлік бұйымдардың көздің жауын алатын сан түрлісі осында. Балалар көркемсурет мектебі және әдет-ғұрып пен салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты – шебер ұстаздардың шығармашылын дамыту және насихаттау.

Шымкентте шебер мұғалімдердің көрмесі өтті

Іс-шараға өз туындыларын арқалай келгендердің бірі – Роза Ташкенбаева. Мұғалімнің заманауи үлгіде тігілген әсем сырмақтары көрмені тамашалауға келген көпшіліктің назарын бірден аударады.

Шымкентте шебер мұғалімдердің көрмесі өтті

Көрмеге қатысушылардың барлығы дерлік өз ісінің мамандары. Айта кетейік, байқау жеңімпаздары республикалық көрмеге жол тартатын болады.

Шымкентте шебер мұғалімдердің көрмесі өтті

Жанерке Хұмар