//
Компания жаңалығы 

Шымкентте “Тенгри банктің” филиалы ашылды

Бүгін Шымкентте “Тенгри бактің” облыстық филиалы ашылды. Заманауи талапқа сай бой көтерген қаржылық институт Үндістанның Punjab National Bankінің еншілес серіктесі болып табылады. Жаңа қаржылық институт орта және шағын бизнеске оңтайлы жағдай жасап, кәсіпкерлікті несиелендіруге үлес қоспақ.

Үндістан Республикасының күніне орай есігін айқара ашқан тағы бір банк филиалы жергілікті қаржылық институттардың қатарын толықтырды. Замануи стильде бой көтерген ғимаратта шот ашу, ақша аударымдары, несиелеу, сондай-ақ депозит қабылдау операциялары жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетететін қаржылық орталықтың басты ерекшелігі клиенттерге қазақстан және үндістан валютасында тиісті қаржылық қызметтерді көрсетеді.

Жергілікті кәсіпкер Жұмағали Білісбеков бірер жылдан бері “Тенгри банктің” Алматыдағы филиалының қызметін пайдаланып келеді. Өз кәсіпорнының есеп шотын қаржылық орталықтан ашқан ол осыған дейін тиісті операцияларды іске асыру үшін Оңтүстік Асанаға арнайы баратын. Енді уақыт шығындаудың қажеті жоқ дейді ол.

Айта кетейік, “Тенгри банктің” Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды сияқты ірі қалаларда филиалдары жұмыс істейді. Ал Үндістан банкінің әлемнің ең ірі қалаларында филиалдары мен өкілдіктері бар. Ұлттық теңге және Үнді рупия валютасымен қаржылық операцияларлы іске асыратын филиал алдағы уақытта қос елдің әріптестігін арттырып, сауда-саттық қатынастарына жол ашады деген сенім басым.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz