//
Шымкентте жаңа 5 саябақ салынады Жаңалықтар 

Шымкентте жаңа 5 саябақ салынады

Оңтүстікте облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Шатқал» бағдарламасы аясында жаңа демалыс орнының капсуласы салынды.  Келешекте халқымыз тынығып, серуендейтін саялы баққа «Шымсая» деген атау берілді.

Шымкентте жаңа 5 саябақ салынады

Шымкенттегі Тассай тұрғын үй алабының маңында орналасқан 25 га шатқалды көгалдандыру мақсатында құрылған демалыс аймағында 1 мың түп ағаш егілді. Көгалдандыру жұмысына өңір басшысымен бірлесе қатысқан сол елдімекеннің тұрғындары, жастар, жоғарғы оқу орнының студентері мен ұстаздары және БАҚ өкілдері боз арша, талшын, шаған, емен, катальпа, аққайың ағаштарын егіп, қаламыздың гүлденіп, көркеюіне өз үлестерін қосты.

Шымкентте жаңа 5 саябақ салынады

Аталған демалыс орындары өңір тұрғындарының таза ауада тынығып, демалуы үшін жасалып жатқанын айтқан әкім оның тазалығы мен дамуына бірлесе күш салу қажеттігін атап өтті.

Шымкентте жаңа 5 саябақ салынады

– Алдағы уақытта демалыс аймағына 6 мың түп ағаш көшеті егіліп, балалар алаңшасы, шахмат және дойбы алаңы, веложолдар мен театр сахнасын саламыз. Полиция бөлімшесі мен спорттық жаттығу алаңдары халық игілігіне беріледі. Бұдан бөлек биыл қалада тағы осы сынды 4 жерді абаттандырып, саябаққа айналдырамыз. Сонымен қатар, «Шатқал» бағдарламасы аясында 16 мың гектардан астам алқапты құрайтын қаланың жасыл белдеуін қалыптастыруды жоспарлап отырмыз,-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шымкентте жаңа 5 саябақ салынады

Еліміздегі тың жобалардың бірі болып табылатын  бұл бағдарламаның басты мақсаты – қараусыз қалған шатқалдарды халық демалатын саябаққа айналдыру. Бұл әдіспен салынған саябақтарды әлемнің өркениеті дамыған елдері табиғи ландшафты сақталған деп жоғары бағалап, сүйікті демалыс аймақтарының біріне айналдырған.

Шымкентте жаңа 5 саябақ салынады

Мұндай сай-салалар негізінен қаланың сыртқы аумағында көптеп кездеседі. Осы ретте қаланың дамуы кенжелеп қалған шеткі аудандарын аталған бағдарлама аясында абаттандырып, саябаққа айналдыру жұмыстары басталып кетті. Бұл өз кезінде ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілетін Шымкенттің тұрғындары үшін өте ыңғайлы болмақ. Сонымен қатар, саябақта серуендеп қана қоймай, мәдени кештер ұйымдастырылып, ашық аспан астындағы амфитеатр қойылады.

Шымкентте жаңа 5 саябақ салынады

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қала аумағына жаңадан елдімекендер қосылып, халықтың саны артты. Сондықтан қаланың экологиялық ахуалы мен ішкі туризмін жақсарту және қараусыз жатқан сайларды саябаққа айналдыру мақсатында осы «Шатқал» бағдарламасы әзірленіп отыр.

Шымкентте жаңа 5 саябақ салынады

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған тың жоба бойынша алдағы уақытта қалада 600 гектар шатқалды жер демалыс  орындарына айналдыру жоспарлануда. Осы жылы бірінші кезеңдік жұмыстар шеңберінде қолға алынатын 5 шатқалдың (97 гектар жерді құрайды) біреуі бюджет қаржысы есебінен көгалдандырылып, сая жерлерге айналдырылса, қалғаны   демеушілер есебінен жүзеге асырлатын болады. Осы іспеттес абаттандыру жұмыстары қаладағы Самал-3, Нұрсәт және Достық шағынаудандарында қолға алынады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

2 пікір - "Шымкентте жаңа 5 саябақ салынады"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Өте тамаша бастама!
Кезінде атақты Кисловодск, Огемдеги бактарды да патша генерал – губернаторлары басқарып отырғызған. Жәңгірханнның бастамасымен пайда болған Ордадағы қарағайлы ормандар қазір Ресей әскерлерінің стратегиялық базасына мекен болуда. Алтын Орда дәуірінде хандарымыздың жасампаздығымен пайда болған Сарайшық шаһарында алтын жағалы, алтын кемелері бар ғажайып көл мен керемет аспалы бақтар болған. Әмір Темір Көреген Самақанның айналасына да ғажайып иранбақтар жасаған.
Астананың айналасындағы Нұрсұлтан баулары қандай керемет. Ақмоланың ауасын жұмсартуда. Асқаровтың дендропаркі Шымқаланың мақтанышына айналды. Несі бар, Жансейіттің бастамасына табыс тілеймін! Жалпы халық болып, бұл игі іс – шараға ат салысуымыз керек!

Cонау ежелгі замандардан бері, кешегі жоңғар шапқыншылығына дейін Сайрам, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ арасында керемет тораңғылды, жиделі, ақ шынарлар мен тал, теректер өскен қалың қара ормандр болған. Басқыншылар түгін қалдырмай өртеп жіберген. Қаратаудан аққан қаншама өзендер бастауларын 40 қабат киіз салып, құм – таспен бастырылып бөгегесін сулары жер астына түсіп кеткен. Қазақты қырып болғасын қайтып ашамыз деген жоңғарлар өздері қырылып кетіп, бастауларды қайта ашатын жергілікті тұрғындары да қалмағасын, кейінгі нәубаттар да бас бұрғызбай, қазіргі бос арналар әлі де өз уақтысын күтіп жатыр….

wpDiscuz