Шымкентте жаңа жиһаз фабрикасы ашылды

Оңтүстікте жылына 5000 дана жиһаз шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Бұл — Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында ашылған Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі. «Мега Смарт» жобасының ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, зауыттың жұмыс барысымен танысты.

Шымкентте жаңа жиһаз фабрикасы ашылды

Өңір басшысы облыста құрылған барлық индустриялды аймақтарда экономикасын әртараптандыру мен кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан тиісті жағдайлардың жасалғанын жеткізді.

Шымкентте жаңа жиһаз фабрикасы ашылды

— Аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынуда. Солардың бірі – «Мега Смарт» компаниясының жылтыр МДФ плитасын және жиһаз шығаратын зауыты. Осы жоба бойынша облысқа 545 млн теңге инвестиция тартылып, 69 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шымкентте жаңа жиһаз фабрикасы ашылды

Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған кәсіпорын 3D форматындағы жылтыр тақталарды дайындайды. Жылына 72 мың МДФ панелін және 5000 жиһаз шығаруға қуатты. Кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар жасайды. Дайын тауарға жұмсалатын шикізаттың 94 пайызы жергілікті өнім. Оның қатарында мақта талшығы да қолданылады.

Шымкентте жаңа жиһаз фабрикасы ашылды

«Мега Смарттың» өнімдеріне Қазақстанда сұраныс жоғары. Жылтыр тақталарды Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспорттауға келісімшарттар жасалуда. Сондай-ақ, Ресей елімен де келісім бар.

Шымкентте жаңа жиһаз фабрикасы ашылды

Зауыттың қазіргі таңда Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында арнайы өкілдіктері жұмыс жасайды. Алдағы уақытта еліміздің қалған өңірлерінде де өкілдіктерін ашу жоспарланып отыр.

Шымкентте жаңа жиһаз фабрикасы ашылды

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР