Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері ерлік көрсетті

380
Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері ерлік көрсетті

Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері ерлік көрсеттіШымкентте болған жарылыс кезінде жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл қимылдап, нәрестені құтқарып қалды. Ақ халатты абзал жандардың бұл еңбегі елеусіз қалмауы тиіс деген Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі жуық арада ерлік көрсеткен медицина қызметкерлерін марапаттамақ.

Дегенмен, бұл туралы әлі ресми хабарланған жоқ. Ал ерлігімен танылған дәрігерлердің қираған үйдің астынан сәбиді алып шыққан сәтінің бейнекадрлары бүгінде Қазнетте кең тарап кетті.

Оқыс оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері бірден құтқару жұмыстарына кірісіп кетті. Баланың жан даусын естіген дәрігерлер көршілермен бірге қирағандылар арасынан адамның денесін іздей бастады. Аз уақыт өтпей сәбиді бесік бауларынан босатып, аман есен шығарып алды.

«Періштесі қақты» деген осы шығар. Өлім аузынан аман қалған сәбиді жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, баланың қазіргі жағдайы жақсы. Оған медициналық көмек дер кезінде көрсетілген.

Енді өзгенің өмірін сақтау барысында ерлік көрсеткен жедел жәрдем қызметкерлерін денсаулық сақтау министрілігі жақында марапатқа ұсынбақ. Батыл дәрігерлердің бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары сөзсіз.