Шымкенттегі шалғай елдімекен оқушыларын арнайы автобустар тасымалдауда

347
Шымкенттегі шалғай елдімекен оқушыларын арнайы автобустар тасымалдауда

Жаңа жылдан бастап шымкенттік мектеп оқушылары жаңа автобустармен тасымалдануда. Қаладан шалғай елдімекен балаларының бұған дейін мектепке жетуі мұң болатын. Енді өткен жылдың соңында қала бюджетінің қаржысына алынған 19 автобус тиісті бағыттарда қызмет етуге кірісті.

Шымкенттегі шалғай елдімекен оқушыларын арнайы автобустар тасымалдауда

Бұл – кішкентайынан жол азабын көрген №88 мектеп оқушылары. Бүгінде көңілдері көтеріңкі. 9 қаңтардан бастап осы білім ошағына бөлінген су жаңа көліктер кестеге сай бағытқа шыққан. Белгіленген үш автобустың әрқайсысы күніне 8 рет қатынайды екен.

Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін мұнда мектеп ұстаздары арасында да кезекшілік ұйымдастырылыпты. Жауапты мұғалім әрбір оқушының мектептен шығып, ата-анасына аман-есен жетуін қадағалайды.

Шымкенттегі шалғай елдімекен оқушыларын арнайы автобустар тасымалдауда

Естеріңізде болса, Ресейде шығарылған бұл 19 автобусты қалалық білім бөлімі бюджет қаржысына сатып алып, өткен жылдың желтоқсан айында облыс басшысының өзі мектептерге табыстаған болатын.

Ал қалалық білім бөлімі енді сол көліктердің мақсатты пайдаланылуын қадағалауы тиіс. Себебі Шымкент қаласында үш ауысымда білім алатын және оқушылары тасымалданатын мектептер әлі баршылық.

Нұрлан Жаңабай