You are here
Оқыс оқиға 

Шымкенттің 46 жастағы тұрғыны есірткімен ұсталды

Шымкентте 46 жастағы кісі есірткімен ұсталды. Оны қала көшелерінде шұғыл іздестіру операциясын жүргізген есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсіріп отыр.

Шымкентте 46 жастағы кісі есірткімен ұсталды

Есірткі затын сатуы мүмкін деген күдіктінің үйін тінту барысында полицейлер полиэтилен қалтаға салынған шөптесін затты тауып алды. Сот-криминалистикалық сараптама нәтижесінде бұл заттың салмағы 17 грамнан асатын марихуана екені анықталып отыр.

Қазіргі таңда бұл факті сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркеліп, есірткі затын заңсыз дайындау, сақтау, алып жүру және сату әрекетіне байланысты қылмысты кодекстің 297 бабымен іс қозғалды. Күдікті қамауда жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz