You are here
Шымкенттің 7 кәсіпкері Германияда тәжірибе жинап келді Жаңалықтар 

Шымкенттің 7 кәсіпкері Германияда тәжірибе жинап келді

Шымкенттік 7 өндірістік оқыту шебері Германияның Трир қаласында біліктілігін арттырып, елге оралды. Металды өңдеу және дәнекерлеу саласында шетелдік тәжірибені игеруге аттанған шеберлерге алдымен семинарлар ұйымдастырылған.

10 күнге созылған оқытудың тең жартысы практика жүзінде өткізіліпті. Бүгінде студенттердің көп бөлігі дуальды оқыту жүйесі аясында өндіріс орындарында күн сайын тәжірибе жинақтайды. Ал, оқытушы мұғалімдер көбіне назардан тыс қалып жатады.

Шымкенттің 7 кәсіпкері Германияда тәжірибе жинап келді

Осыны ескеріп, 2014 жылдың мамыр айында «Атамекен» ҰКП мен Трир қаласындағы қолөнершілер палатасы арасында мамандарды кәсіби оқыту бойынша екі жақты келісімге қол қойылды. Бұл келісім шеберлердің жаңа технологиямен жұмыс жасап үйреніп, елде жаңа бағыттағы білім беру жүйесін қалыптастыруда өз септігін тигізеді.

Шымкенттің 7 кәсіпкері Германияда тәжірибе жинап келді

Шымкенттегі №10 колледждің өндірістік оқыту шебері Азиз Расулметов дамыған елдің технологиясы мен өндіріс құралдарына деген таңданысын жасырмады. «Онда білдектердің (станок) түр-түрі бар. Бір затты өңдеу көп уақытты талап етпейді. Керек құралдардың барлығы бір жерде орналасқан. Біздің тәжірибеде қолданып жүрген құралдардың біреуін де кездестірген жоқпыз. Елімізге енді енетін технологиялармен жұмыс жасап көрдік. Енді студенттерге сапардан алған білімді бөлісу қажет» деді жоба қатысушысы.

Шымкенттің 7 кәсіпкері Германияда тәжірибе жинап келді

Дегенмен, европалық тәжірибемен танысқан Азиз Расулметов алған білімін іс жүзінде қалай көрсететінін білмейді. Себебі, оқыту базасында мұндай жабдықтардың жоқтың қасы. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де хабардар.

Берік Кенжебаев, кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы: «Технология бір орында тұрмайды. Жыл сайын өзгеріп отырады. Сәйкесінше, заманауи өндіріс орындары да жаңа құрылғылармен жабдықталған. Ал оның тілін білетін, оны жүргізе білетін мамандарды колледж қабырғасында оқытып, өндіріске дайын маман етіп жіберу – біздің басты мақсатымыз. Сонда жұмыс беруші керек маманды шетелден іздемей, оқуын жаңа бітірген түлекке сенім артуына болады. Ал бұл жоба арқылы шетел асып, біліктілігін арттырған әрбір өндірістік шебер aлған тәжірибесін студенттерге практика жүзінде болмаса да, теория жүзінде айтып жеткізуі міндет.

Әрине, неміс технологиясын толық игеріп алу мүмкін емес. Бұл уақыт пен бөлінетін қаражаттың еншісінде. Бастысы, шәкіртке білім берер мұғалімнің біліктілігі жоғары болса, елімізде дайын мамандардың саны артатынын ұмытпаған жөн.

2014 жылдан бері Қазақстаннан 30-дан астам адам Германияға барып келген, оның ішінде 12 маман — Оңтүстіктен. Екі жақты келісім-шарт бойынша Германиядан да 30 маман бізге келіп, оқып кетті.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz