Шымкенттіктер көбейген зейнетақыны ала бастады

357
Елбасының тапсырмасына сай 1 сәуірден бастап зейнетақы – 14%, жәрдемақы – 12 % артты
Елбасының тапсырмасына сай 1 сәуірден бастап зейнетақы – 14%, жәрдемақы – 12 % артты

Жаңа жылдан бастап зейнетақы мөлшері – 9 пайызға, базалық зейнетақы 7 пайызға өскенінен хабардар шымкенттіктер екінші деңгейлі банктерді жағалап жүр. Алайда 2017 жылдағы жұмыс күндері 4 қаңтар күні басталғандықтан, барлық төлемдер түстен кейін беріле бастайды.

Ғалымжан Сабыров, зейнеткер: «Зейнетақы мөлшері артатыны жайлы жаңалықтардан білдім. Елбасының өзі 2017 жылы 20 пайызға өсетінін жариялады. Бірақ, кейін анықтағаным, зейнетақыны көбейту екі кезеңмен жүзеге асады екен.»

Бала тууға байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылдан бастап – 7 пайызға, ал 1 шілдеден жалпы алғанда 20 пайызға артады. Республикалық бюджеттен бұл мақсатқа қосымша 1,8 млрд теңге бөлінді. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы төленетін жәрдемақы мөлшерінің төлемі бірінші балаға – 13 070 теңге, екінші балаға – 15 452 тенге, үшінші балаға – 17 812 теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға 20 195 теңге төленеді.

Нұрдәулет Диханбаев, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ ОҚОФ – Әлеуметтік төлемдерді ведоствоаралық есептеу орталығы департаментінің Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық операциялық бөлімінің басшысы: «Барлығы есептеліп қойған. Жұмыс күні 4 қаңтарға түскендіктен, зейнетақылар мен әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар күннің екінші жартысында беріледі. Банкоматтан да, кітапша арқылы да солай. Жаңа жылдан бастап мөлшері көбейген зейнетақы мен жәрдемақыларды алуда еш күрделіліктер туындамайды.»

Маманның мәлімдеуінше, мүгедектігіне, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтарынан күнкөріс деңгейінің мөлшері өзгеруіне сәйкес артады. Ал күнкөріс деңгейцінің мөлшері биыл 24 459 теңгені құрайды.

Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына арнаулы жәрдемақының мөлшері 36 304 тенге, бұл 16 АЕК, тыл еңбеккерлеріне биылдан бастап 4 833 теңге беріледі. Өзге де жәрдемақылар жайында  «Оңтүстік Рабат» және «Рабат»  газеттерден біле аласыздар. Басылымның жаңа жылдағы алғашқы саны сатылымда.