Су есептегіш құралдарын ұрлағандар ұсталды

578
Су есептегіш құралдарын ұрлағандар ұсталды

Шымкентте су есептейтін қондырғыларды ұрлауға қатысты күдіктілер ұсталды. Қаратау полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған 2 күдікті 23 және 22 жастағы Төлеби ауданының тұрғындары.

Су есептегіш құралдарын ұрлағандар ұсталды

Тінту кезінде олардан тәртіп сақшылары 500-ге жуық су есептегіш құралын тапты. Күдіктілердің осы әрекетінен халыққа 2 миллион теңгеден астам шығын келіп отыр. Жас жігіттер ұрлаған есептегіш құралдарын қала базарларында арзан бағада сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратып отырған.

Су есептегіш құралдарын ұрлағандар ұсталды

Қазір қылмысты кодекстің 188-бабымен іс қозғалды. Айғақты заттар тәркіленіп, тергеу амалдары басталды.

Су есептегіш құралдарын ұрлағандар ұсталды