You are here
Шымкентте арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтті Жаңалықтар 

Тұтынушылар: “Жәрмеңкедегі орындарды тұрақты бекіту қажет”

Шымкентте арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өттіШымкентте сенбі күні өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде адам көп. Біреулер өнімдерді көріп жүрсе, екіншілері бағаларды салыстыруда. Қарабұлақтағы шаруа қожалығынан келіп ет және ет өнімдерін сатып тұрған шаруалар өнімімізді түске дейін сатып үлгереміз деп сенеді.

Ирисдавлет, сатушы: “Сиыр етінің келісін 1200 теңгеден сатып жатырмыз. Қойдың еті де қолжетімді. Өніміміз экологиялық таза, сондықтан да клиенттеріміз  де артуда.”

Жәрмеңкеде таңдауға қарай барлық азық-түлік тауарын табуға болады. Мұнда шұжықтан бастап картоп, пияз, сәбізге дейін бар. Жергілікті тәтті нан пісірушілер де қалыспай, өз өнімдерін сатуда.

“Мен 112 орамда тұрамын. Әр сенбіде  жәрмеңкеге келемін. Үйреніп те қлдық. Баға әр түрлі. Осыған да қанағатпыз. Тек зейнетақы өскенде азық-түлік бағасы қымбаттамаса екен.”

Бағаны нарықтың өзі реттеуде. Алайда бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс әкімдігі жанындағы тұрақтандыру қоры комиссиясы күнделікті тұтынатын тауарларға әлеуметтік  бағаны бекіткен. Олар – ұн, қант, макарон өнімдері, картоп, өсімдік майы.

Алма, сатушы: “Шымкент” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тауарды қоймадан жеткізіп береді. Құмшекердің келісі – 220 теңге. “Атамекен” компаниясының І сұрып ұнын сатып жатырмыз. Келісі – 72 теңге. Картоп, сәбіз – 65 теңгеден. Бүгін өсімдік майы мен макарон өнімдері саудаға шығарылмады. Біздің бір ұсынысымыз бар. Орнымызды кіреберісте бекітіп берсе. Адамдарға да ыңғайлы, бізге де жақсы болатын еді.”

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жақсы ұйымдастырылған шара екені белгілі. Алайда осындағы сатушылардың орны тұрақты болса бізге де ыңғайлы болар еді дейді. Егер өңірімізде өндірілген тауарлар осында сатылса, дағдарыс кезеңінде қолдау болар еді дейді шымкенттіктер.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz