You are here
Жаңалықтар 

Тұтынушылардың жылу төлеген артық ақшасы қайтарылады

Шымкенттегі «Қуат жылу орталығы-3» мекемесі жағымды жаңалықты хабарлады. Жылу берушілер тұтынушылардың төлеген артық ақшасын қайтарады. Орталық басшылары 2015-2016 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы бойынша тұтынған жылудың ақысын қайта есептейміз деп отыр. Соның нәтижесінде тұтынушылардың үйіне жетпеген жылу үшін қаржы кері қайтарылады. Бұған қоса соғыс ардагерлері де жылу ақысын төлемейтін болды.

«Қуат жылу орталығы-3» мекемесі 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымындағы сыртқы ауа температурасын ескере отырып, жылумен қамтамасыз ету қызметінің құнын қайта есептеді. Соның нәтижесінде қаржыны қайтару кестесі 2015 жылдың қарашасынан 2017 жылдың наурыз айлары аралығын қамтиды.

Бұған қоса Шымкентте тұратын ҰОС ардагерлері және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері тұтынған жылуға төлем жасаудан босатылды. Бұл шешімге қала әкімдігі, халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және «Қуат жылу орталығы» арасында түзілген меморандум негіз болған.

Тағы бір ескеретін жайт. Шымкенттегі «Қуат жылу орталығы-3» мекемесінің жылу тарату бөлімі жаңа мекенжайға көшті. Бөлім мамандары енді Жанкелдин көшесі, №13 ғимараттың бірінші қабатында жұмыс істейді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz