//
Тассайдағы қауіпті тұсқа жол белгілері орнатылды Жаңалықтар 

Тассайдағы қауіпті тұсқа жол белгілері орнатылды

Жергілікті билік өкілдері қауіпті жолды қолға алды. Бүгін Тассай елдімекені тұрғындарының алаңдаушылығын туғызған Жібек жолы тасжолына жаяу жүргіншілерге арналған белгі орнатылды. Мұнда, сондай-ақ, көлік жылдамдығын тежейтін жол кедергісі қойылған.

Тассайдағы қауіпті тұсқа жол белгілері орнатылды

Көбіне мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері өтетін жолдың бұл бөлігінде осыған дейін апат жиі болатын дейді тұрғындар. Дегенмен, жергілікті халық әлі де қауіпсіздендіру шараларын күшейту қажет деп есептейді.

Тассайдағы қауіпті тұсқа жол белгілері орнатылды

Айта кетейік, көлік апаты жиі тіркелетін бұл жолда жуырда ғана бір отбасының қос бірдей ұлы апатқа ұшыраған болатын. Бірі оқиға болған жерде мерт болса, бірі әлі есін жия алмай ауруханада жатыр. Күні кеше жергілікті халық жиналып, билік өкілдерінен жолды қауіпсіздендіруді талап еткен еді.

Тассайдағы қауіпті тұсқа жол белгілері орнатылды

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz