You are here
Оқыс оқиға 

ОҚО-да полицейлер «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында көші-қон заңдылығын бұзған мыңға жуық азаматты анықтады

Оңтүстік Қазақстан облысында ОҚО ІІД Көші-қон басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Аталған шараның мақсаты көші-қон заңдылығының сақталуын қамтамасыз ету, облыс аумағында заңсыз қызмет жасап жатқандарды анықтау болып табылады.

«Мигрант» жедел алдын алу шарасының 4 күнінде полицейлер ҚР көші-қон заңдылығын бұзған 973 азаматты анықтаған, оның қатарында 365 шетел азаматы бар. Өзге елдің 41 азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылды.

ОҚО ІІД-нің Қабылдап-бөлу бөлімдеріне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 26 адамды орналастырды.

Шетел азаматын заңсыз тұрғын-үймен қамтамасыз еткен және жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 40-тан аса ҚР азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар, «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында ҚР аумағынан аластату туралы сот шешімін орындаудан жалтарған 1 шетелдікті анықтап, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz