//
Хантағыдағы көне мектеп күрделі жөнделді Жаңалықтар 

Хантағыдағы көне мектеп күрделі жөнделді

Кентаудың іргесіндегі Хантағының таулы бөктерінде орналасқан №5 мектептің іргетасы өткен ғасырдың 60-жылдары қаланған. Тоқырау заманнан жөндеу көрмеген білім ошағы 2015-2016 жылдардағы оқу жылында күрделі жөнделді. Маусымда құрылысқа кіріскен мердігер “Жуалы строй бизнес” компаниясы жобалық-сметалық құжатқа сәйкес мектептің еденін, қабырғаларын толығымен жаңалап, есіктерін де алмастырды.

Хантағыдағы көне мектеп күрделі жөнделді

Гүлсім Қарабасова, Хантағыдағы Абай атындағы №5 мектептің директоры: “Күрделі жөндеу үшін алғысымыз шексіз. Әсіресе, ғимараттың сыртқы қабырғасы қапталып, абаттандырылғанына ризамыз. Мектептің іші жылы болып қалды. Оған қоса құрылыс барысында тозығы жеткен жылу жүйесі жаңаланды.”

320 балаға шақталған білім ордасында мектеп алдындағы даярлық сыныптарындағы оқушыларды қосқанда 611 бала дәріс алуда. Соңғы жылдары мектеп ҰБТ сынақтарында қалада ең жоғары көрсеткішке ие. Елге танымал кенші Сақ Мәуленқұловтың осында оқығанын мектептегілер мақтаныш тұтады.

Гүлсім Қарабасов, Хантағыдағы Абай атындағы №5 мектептің директоры: “Сақ Мәуленқұлов – Кентау қаласының құрметті азаматы, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, белгілі кенші. Ол 1972-1989 жылдары аралығында “Ащполиметалл” комбинатын басқарды. Осы жылдарды бүгінде халық “Алтын кезең” деп бағалайды. Ол кісі зейнетке шыққан бойда мектепке жиі келіп тұрды. Оқушылармен кездесіп, оларды дене шынықтырумен айналысуға үгіттейтін.”

Қысқы демалыстағы бастауыш сынып оқушыларына мұнда жағдай жасалған. Талаптарға сай бөлмелер арнайы жабдықтармен қамтылған.

Тамара Әлиева, бастауыш сыныптың мұғалімі: “Ата-аналардың өтініші бойынша балалармен қысқы демалыста да жұмыс жасаудамыз. Оларға қосымша әдебиеттерден ертегілер оқып, білімге құштарлығын арттырудамыз”.

Жаратылыстану пәндері арнайы сынып бөлмелерінде өтеді. Ширек ғасырда білім алған түлектер бүгінде түрлі салада қызмет етуде. Мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берген білікті мұғалімдерге олардың алғысы шексіз.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz