//
«Ырыс» шағын қаржы ұйымы Жаңалықтар 

«Ырыс» шағын қаржы ұйымы 14 мыңға жуық жобаны қаржыландырған

2009 жылы шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосу мақсатында құрылған «Ырыс» шағын қаржы ұйымы 7 жылда 14 мыңға жуық ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларды қаржыландырған. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік» АИО еншілес мекемесі «Ырыс» шағын қаржы ұйымы директорының міндетін атқарушы Ербол Сүлешов мәлім етті.

«Ырыс» шағын қаржы ұйымы

Өз кәсібін бастаймын немесе әрі қарай дамытамын деген кәсіпкерлерге төменгі пайызбен қолжетімді несие беретін ұйым 2016 жылы 1979 жобаға 4 миллиард 831 миллион 300 мың теңге қаржы берген. Нәтижесінде 1398 адам тұрақты жұмыспен, ал 3 мың адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

«Ырыс» шағын қаржы ұйымы жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржыдан бөлек басқа да қаржы институттары арқылы әр түрлі бағдарламалар аясында қаражат тартып, несие ретінде кәсіпкерлерге үлестіреді.

Мәселен, 2016 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының бастамасымен республикамыздың 5 өңірінде пилотты жоба ретінде “Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы” бағдарламасымен қосымша қаражат бөлініп, әр өңірдің өзінің ерекшілігіне қарай қажетті салаларын қаржыландыру мақсатында, несие сомасын 6 млн теңгеге дейін көтеріп, кәсіпкерлерді несиелендіру қолға алынған. Осы бағыт бойынша Оңтүстік Қазақстанға 3 миллиард 39 миллион теңге бөлінген.

 – Қазіргі уақытта бағдарлама аясында бөлінген қаражат біздің мекеме арқылы бағдарлама қатысушыларына таратылуда. 2016 жылдың қазан айынан бастап жалпы құны 2 миллиард 21 миллион теңгелік 765 жоба мақұлданып, оның ішінде 448 жобаға 1 миллиард 34 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде 472 азамат жұмыспен қамтылды. Бағдарламаны 2017 жылдың сәуір айына дейін толық игеру жоспарлануда,- деді Ербол Сүлешов.

Баспасөз мәслихатына қатысқан аталған ұйым директорының орынбасары Шыңғыс Мұханов кәсіпкерлік саласын дамытуға, жұмыссыздықты азайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын Оңтүстік Қазақстан облысында іске асыратын қаржы институттарынын бірі болып табылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, қаржыландырудың басым бағыттарына ауыл шаруашылық саласы мен әлеуметтік маңызы жоғары болып саналатын жобалар жатады. «Ырыс» шағын қаржы ұйымы 2017 жылы 5 миллиард 700 миллион теңгеге 1436  жобаны қаржыландыруды жоспарлап отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz