Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға заңмен тыйым салынған

348

Қазақстанда кей азаматтарға зейнеақы қорындағы қаражатты мерзімінен бұрын алуға заңмен тыйым салынған. Өңірдегі әлеуметтік төлемдерге қатысты брифинг өткізген «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының филиалы – облыстағы департамент директорының орынбасары Несібелі Қаражанова осылай деді.

Дегенмен, бұл аударымдарды уақытынан бұрын ала алатын азаматтар санаты да айтылды осы жиында. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыстағы департамент директоры орынбасарының айтуынша, былтыр республикалық бюджеттен 19,6 млрд теңге бөлінген. Мыңға жуық төлем түрін қаржыландыру мүмкін болыпты.

Қаражаттың басым бөлігі зейнетақы төлемдері мен мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы мен ауыр жұмыстардағы еңбек өтіліне сәйкес арнайы мемлекеттік жәрдемақыға төленген.

Бүгінде таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істейтін азаматтар зейнетақы қорындағы қаржының сақталуына алаңдаулы. Осы тұста жинаған теңгесінің дағдарыс кезінде түрлі қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін деп қауіптенетін жұртшылықтың зейнетақы аударымдарын алдын ала алуына заңмен шектеу қойылған.

Брифингте азаматтардың уақытша тіркелу тәртібіне қатысты сауалдар да болды. Қаражанова ханым бұл процес күнгейде өз деңгейінде жүргізіліп жатыр деп сендірді. Өңірде тіркеу кезінде қайғылы жағдайлар орын алған жоқ дейді.