//
Жаңа мектеп бар, оған барар жол жоқ Жаңалықтар 

Жаңа мектеп бар, оған барар жол жоқ

Үшінші мегаполисте әлі күнге дейін мектепке дөң асып, бешенесінен батпаққа батып қатынайтын оқушылар бар. Пахтакор-2 шағынауданының тұрғындары “билік бізді ұмытып кетті” деп ашынады. Айтуларынша, бір жыл бұрын уәде еткен газ бен тегіс жолды күтумен келеді. Тіпті, бір жылдан бері бұл елдімекенге көше атауы да берілмеген екен.

Жаңа мектеп бар, оған барар жол жоқ

Бұл шағынауданда жаңа мектеп салынғалы ата-аналар балаларын ақылы автобуспен тасып келеді. Зарыға күткен бағыттық автобустың аялдамасына жету үшін екі шақырымдай жаяу жүру керек. Ал бір үйден үш-төрт оқушының жолақысын төлей алмағандардың балалары жүруге қауіпті, жолсыз саймен өтуге мәжбүр.

Жаңа мектеп бар, оған барар жол жоқ

Бұл жерде жауын жауса езілген ми батпақ, ал қар түссе тайғанақ, кеш батып қараңғы түскенде жүріп өту тіптен қауіпті дейді ата-аналар. Айтуларынша, тиісті мекеме мамандары білім ордасын салған кезде аяқ жол төсеп береміз деп уәде берген көрінеді. Алайда әлі күнге уәждерін тыңдар құлақ болмапты.

Сәлима Жаңабаева, Пахтакор-2 шағынауданының тұрғыны: “Бармаған билік, қақпаған есік қалмады. Жаңа мектеп салынғанымен балалар сабаққа бара алмай отыр. Мына қыр асып, қауіпті жолмен жіберуге қорқамыз. Өйткені мұнда қаңғыбас құтырған иттер көп. Басында мектепке дейін аяқ жол салып береміз деп еді, міне, әлі күнге сұрап келеміз, нәтиже жоқ. Осындағы тұрғындар жиналып, балаларды таситын көлік жалдап едік, оның ақысын бірінің қалтасы көтереді, ал ақшасы жоқтар төбе-саймен балшық кешіп қатынайды.”

Жаңа мектеп бар, оған барар жол жоқ

Бүгінде Пахтакор-2 елдімекенінде 20 мыңнан астам шаңырақ бар. Бірақ әлі күнге бірде-бір көшенің атауы жоқ. Ал қоғамдық көліктің өзі жол болмағандықтан ауылды айналып өтетін көрінеді. Автобусқа бару үшін халық тас жолға дейін 3 шақырым жаяу жүреді.

10 жыл шыдаған жерлестеріміздің тағы да сабыр сақтай тұруына тура келеді. Осылай деген Қаратау ауданы әкімдігі өкілдерінің бұл шағынауданның шешілмеген мәселелердің көп екенінен хабары бар. Бірақ, жұмыстың нақты қашан басталатыны белгісіз. Жерлестеріміздің шағымына аталған аудан әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев 1 ай көлемінде тұрғындардың мәселесі ескерілетінін айтты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz