//
Жас зергер грант ұтып, кәсіп ашты Жаңалықтар 

Жас зергер грант ұтып, кәсіп ашты

Оңтүстіктегі бизнес мектебін сәтті бітіріп, шағын кәсіпкерлік ашқан азаматтың бірі – Бексұлтан Серікбай. Елде көп адам айналыспайтын зергерлік саласын таңдап, бүгінде күміс, алтын жалатылған түрлі бұйымдар шығарады. Жасы 21 де. Бастаған кәсібінің қыр-сырын ағасынан үйреніпті.

Жас зергер грант ұтып, кәсіп ашты

Бүгінде шағын шеберханасында қазақы әшекей-бұйымдардың түр-түрін шығарады. Тауар бағасы 1000 теңгеден бастап 200 000 теңгеге жететіні де бар. Тұтынушының қалауы бойынша жеке тапсырыстар да қабылдайды. Алғашында қиындықтар туындағанымен, бұл кәсіп түрін таңдағанына өкінбеймін дейді жас жігіт.

– Бизнес бастағанан кейін түрлі қиыншылықтар да кездесіп жатады. Алғашқы уақытта бұйымдарым өтпей жүрді. Бірақ, талпынысымды одан әрі күшейтіп, жұмысымды жолға қойдым. Көп уақытым эскиз жасауға кетеді. Бір туындыны жасау үшін оны сызу, түсін келтіру, оны әрмен қарай әрлеу үшін толық бір күндей уақытым кетеді, – деген кәсіпкер өз жұмыс барысымен бөлісті.

Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грант өтеусіз және қайтарымсыз түрде бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін, жас кәсіпкерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, 50 жастан асқан заңды тұлғаларға беріледі. Кәсіпкер мемлекеттік гранттық іріктеуге «Бизнес-кеңесші» жобасының курсын тәмамдап, бизнес-жобасын ұсынған жағдайда ғана қатыса алады. Грант берілу үшін кәсіпкер, сонымен қатар, жобаларды гранттың ұсынылған көлемінен ең кемі 10% тең өз қаржысымен бірлесіп қаржыландыруы міндетті.

Бексұлтанның осындай мүмкіндікке ие болып, өтеусіз қаражатқа ие болуына қолдау көрсеткен бизнес-тренер Қанат Әбілдәбеков болды.

Жас зергер грант ұтып, кәсіп ашты

– Ең ұтымды кәсіпкерлік – өз хоббиіңді бизнес көзі етіп, одан табыс табу. Яғни, сүйікті ісіңмен айналысқанда ғана кәсіпте жетістікке жетуге болады. Сондай-ақ, жастарға мемлекет тарапынан қашан да көмек беріледі. Оны ұтымды пайдалану қажет.

Жас зергер грант ұтып, кәсіп ашты

Ал жас кәсіпкердің алдағы жоспары – қазақ өнеріне өз үлесін қосып, ұлттық нақышта бейнеленген түрлі бұйымдарды заманауи үлгіде жасап шығару.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz