Жедел жәрдемге 30 жаңа көлік қосылды

598
Жедел жәрдемге 30 жаңа көлік қосылды

Оңтүстікте енді жедел жәрдем қызметінің кешігуі азаяды. Мамандар осылай деп сеніп отыр. Бүгін Шымкенттегі алғашқы медициналық көмек көрсететін стансаға су жаңа 30 көлік берілді. Жаңа техниканың барлығында мұқтаж жандарға шұғыл көмек көрсететін қондырғылар орнатылған.

Жедел жәрдемге 30 жаңа көлік қосылды

 

Айта кетейік, облыс бойынша жедел жәрдем қызметінде қазір 261 автокөлік бар. Оның 117-сі Шымкент қаласында болса, қалғандары басқа аудан-қаладағы бөлімшелерде. Сол техниканың барлығы жаңа емес.

Жедел жәрдемге 30 жаңа көлік қосылды

Тәулік бойы бойы жолда жүріп, тозығы жеткен көліктер де жетерлік. Енді бүгін берілген жаңа техникалар ескілердің орнын толықтыратын болады.

Жедел жәрдемге 30 жаңа көлік қосылды

Тәулік бойы жұмыс істейтін жәдел жәрдемдегі бұл оңтайлы өзгеріс денсаулық сақтау саласында өз септігін тигізері сөзсіз. Ең бастысы науқас жандарға шұғыл көмек дер кезінде көрсетілсе болғаны. Көпшіліктің тілегі де осы.

Жедел жәрдемге 30 жаңа көлік қосылды

Жедел жәрдемге 30 жаңа көлік қосылды